Türkçe

 

НАРАЗЫЛЫҚ МӘЛІМДЕМЕСІ

Түрік мәдениетінің шеғара күзетшілері ретінде біз – тәуелсіз аудармашылар, тілмаш компаниялары және тілмаш қоғамдары, 2006 жылы, 30 қараша күнгі кезектен тыс жыйналысымызда алған шешіміміз бойынша, Француз мәжілісінің 2005 жылы, 12 қазан күні мақұлдаған армиян геноситі денілгенді жоққа шығаруды қылмыстық істер қатарына жатқызған заңымен келіспейміз және оған қарсылық білдіреміз.

Бұл шешім айтарлықтай үлкен тарихый қателік болып есептеледі. Француз мәжілісінің, түрік халқы дос ретінде көрген француз халқы, француз мәдениеті мен француз тіліне толық өкілдік ете алмағынын өкінішпен байқап отырмыз.

Түрік халқы жақын немесе алыс тарихында әрқандай бір халыққа қарсы ешқашан геносит сияқты ауыр қылмыс істемеді немесе мұндай әрқандай бір қылмысқа ат салысқан жоқ. Сондықтан мұндай байбаламдар тек өтірік пен жала жабу болып ғана табылады. Француз мәжілісі, осы орайда өз халқын шатастырып отыр. Француз халқын, Осман патшалығы архивиндегі деректерді еркін түрде зерттеуге және нақты мәліметтерге жүгінуге шақырамыз. Түрік халқы, керісінше, өзгелердің озбырлығынан жан сауғалап қашқан халықтардың өкілдеріне баспана болған өркениетті де абыройлы халық. Бұл турасындағы шындықтар, деректерде негізделген тарихый еңбектерде тайға таңба басқандай нақты көрсетілуде.

Француз мәжілісінің қасақана таңуға тырысқан осы жаңсақ көзқарасы, түрік халқына қарсы жасалған ашық мәдени геноситке айналып отыр. Француз үкіметтік қызметкерлерін осы шешімдеріне қайта қарап шығуға, бүкіл әлем алдында осынау жөн жосықсыз қылмысты іске асырмауға шақырамыз! Осынау таңу тықпалаулар жалғасқан жағдайда, көп жақты түрік – француз байланыстарында біз атқарып келе жатқан маңызды қызметтеріміздің аясында қосымша шаралар көру правомыз бар екенін еске саламыз.

Кәсібіміз мәдениетаралық ықпалдастықта алғашқы байланыс нүктесі болып табылады. Сондықтан осы наразылық мәлімдемемізді ұлы француз халқына және бүкіл әлемге жәрия етуді өзімізге міндет деп білеміз.

ТҮРІК ТІЛІ АУДАРМАШЫЛАРЫ

(tarihten bir yaprak)

Azərbaycanca
Қазақша
English
Deutsch
Español
Italiano
Nederlands
Svenska
Romănă
Eesti
Русский
עברית
العربية
தமிழ்
简体中文
हिंदी
ગુજરાત
Français
More languages
Çevirenler
İmzalayanlar